А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап таңдап талғап оқи білу, түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир. Білім адам өміріне өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды. Ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жетпейді, оны жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе, ол ақша тауып, өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес, өйткені ғалымдар әртүрлі техникалық заттар, мысалы, телефон, планшет, компьютер ойлап тапты. Егер мұның бәрін сатып алып, оған ғаламтор қоссақ, мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып, есептерін шығарып тастауға болады. Әр адамның әртүрлі білімділік қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал бірі ойына бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. Адам көбірек оқыса, білімді болады, ал білімді болмаса, өмір сүру қиын болады. Мінекей, осыдан
«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақал шыққан.
Адамның қол жеткізген ұлы игіліктері қалай аталады?
Парасат, білім, білік
Білім, ғылым, инновация
Оқулық, кітап, математика
Техника, әдебиет, есте сақтау
Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз.
Тұжырымды сөйлем
Шын/жалған
Білімді болсаң, өмір сүру қиын болады
«Кітап маған тақтан да қымбат», – деді Шекспир.
[1]
[1]
Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз. Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжаңыз.
р/с
Ақпараттар
р/с
Ақпараттар
Сәйкестендіру
жауабы
А
1
Кітап маған тақтан да қымбат
В
2
Техника заманында білімді болмау мүмкін емес.
С
3
Мектептегі тақырыптарды алдын ала қарастыруға болады.
[1]
Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес.
[1]
Берілген сөздің антонимін мәтіннен табыңыз: әркелкі
[1]
Жазылым
Сұраққа жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз. Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолданыңыз.
Сауда жасай білесіз бе?
Сіздің мектебіңізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Жергілікті газетке осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз. Көрген, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз.