А матини Парижде
жылы бүкіл дүниежүзі бойынша ән өнері мерекесі өтіп жатқан жаз айы. Сонда болған
концертке қатысқан Қазақстаннан барған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев домбырамен ән айтқанда залдағы халық орындарынан тұрып қол соқты. Оның айтқан «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Балқадиша» тағы басқа әндері халықтың көңілінен шықты. Халықтың қошеметіне бөленген, өзіне ғана тән даусы бар Әміре жүлделі екінші орынды жеңіп алып, күміс медальге қол жеткізді. Сол кезде Францияның «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміренің сирек кездесетін талант екенін айта келіп: «Ғажайып дауыс иесі Әміре Қашаубаев өз елінің жан-жүйені балқытатын әндерін салып берді» деп жазды. Француз жазушысы Ромен Роллан ерекше таңданыс білдіріп, шығыс халқының жақсы әншіні бұлбұлға теңегенін мойындаған. Париждегі Сорбонна университетінің профессоры Перно Әміренің даусына ерекше мән беріп, бірнеше өлеңдерін фонографқа жазып алған екен. Осылайша Әміре Қашаубаев тұңғыш рет қазақ елін, оның керемет ән өнерін шет елдерге танытқан қазақ әншісі болып аты тарихта қалды.

Б матини

Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да өзгеше еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.
Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де, ол айтуға келгенде, тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып, жаңғыртатын сұлу да ашық дауысы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. «Қанапия» әнінің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.
Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты


А матини Парижде жылы бүкіл дүниежүзі бойынша ән өнері мерекесі өтіп жатқан жаз айы. Сонда болғанкон

niavente niavente    2   28.12.2020 16:07    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi