Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.

a) Қар, үсік, аяз, боран

b) Ақ киім, тамақ, үй

c) Адамдар, білім, еңбек

d) Зерттеу, адамдар, күш

2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

a) Көктем мезгілі

b) Жаз мезгілі

c) Қыс мезгілі

d) Күз мезгілі

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

a) Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді

b) Қыс мезгілін суреттейді

c) Күз мезгілін суреттейді

4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

Сөздер: алмастырады, алады, оқытады, шайқалды /
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй.

5. Сұраққа жауап беріңіз.

Автор аязды қалай суреттейді?

KOMAPyKOTA KOMAPyKOTA    2   11.05.2021 10:45    0

Ответы
noniqname noniqname  11.05.2021 10:50

1)А

2)С

3)b

4)Шайқалды

5)Өте суық,Тіпті бетің қарауға шыдамайтындай аяз.Киімді қабат-қабат кисеңде ол сенің денеңе өтіп кетеді...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi