Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына ақ-ақ қалды.
1-тапсырма. 
 I. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз. [1]
А) Қырау, үскірік, түсі суық, 
В) Ақ киім, тамақ, үй
С) Адамдар, білім, еңбек
Д) Зерттеу, адамдар, күш
 II. Өлеңнің негізгі тақырыбын анқтаңыз. [1]
А) Көктем мезгілі
В) Жаз мезгілі
С) Қыс мезгілі
Д) Күз мезгілі
2-тапсырма. Оқылым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз [2]
 Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған
А Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді 
В Күннің суықтығын суреттейді 
С Күнның жылы екендігін суреттейді 
3-тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз. [2]
 (алмастырады, алады, үсік шалды, шайқалды)
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, . . . . . . . . . . . . . . . . .
4-тапсырма. Сұраққа толық жауап беріңіз. [3]
 Автор аязды қалай суреттейді?
 - - -- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 
5-тапсырма. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды қолданып, сөйлемдерді аяқтаңдар. [4]
 Маған қыс мезгілі өте ұнайды, себебі . . . . . . . . .. . .. . .. . .
 Далада қатты аяз болады, сондықтан . . . . . . . . . . . . . . . . .
 Кішкентай інімді барлығымыз жақсы көреміз, өйткені . . . . . . . . . . 
 
                                                                                                
                            
                            
                            
                                
                            
                            
                                
                            
                            
                            
                         
                    
1 тап-а)
2 тап-а) или в)
3 тап- беті қолы домбығып , үсік шалды.
4 тап- Автор аязды ақ денелі адамдай қылып суреттеді.
5 тап- этот не знаю сорри