«Ақиқат», «жалған», «берілмеген» ақпараттарды анықта. Ривера рингке алғаш көтерілгенде көрермендер ұлардай шулап, қолпаштай соғылған алақандармен қарсы алды. Ривераның бұлшық еттерінің әрбір клеткасы кез келген соққыға дайын тұрады, шаршап-шалдығуды білмейтін төзімді, берік жүйкесі оның денесін қуатты механизмге айналдырып жіберген. Ривера бұл айқасқа күні-түні жан аямай жаттығып, Роберттің қолдауымен алапат күш-жігер жинап келген еді.