А.Байтұрсынұлы түзеген "Қазақ жазуы" Тапсырма №1

Тапсырылмаған
keyboard_arrow_down
А.Байтұрсынұлы түзеген «Қазақ жазуы»
Мәтінмен жұмыс

1-тапсырма

Оқушылар мәтінді мұқият оқып, қазақ жазуы тарихының даму кезеңдері туралы жұбымен пікірлеседі және мәтіндегі бас әріппен жазылған күрделі атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуына көңіл бөледі.

Қазақ жазуы

Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5-4ғ) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазуы сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру – тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон – Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (5 – 12ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 - ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960-1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып табылады

Халқымыздың тарихын танып, білуде не көмектеседі?

Қазақ тіліндегі алғашқы газет –журналдар қандай алфавитпен жазылды?

1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті қандай графикаға негізделді?

Аннотация туралы ұғым Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.​

Khamidullovaals Khamidullovaals    3   16.10.2020 15:10    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi