Аққаиынды сипаттап жаз көп сөз емес​

Ромчик55123 Ромчик55123    3   04.12.2020 17:19    0

Ответы
крыл8888 крыл8888  03.01.2021 17:27

Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді. Табиғатта қайыңның 140 түрі бар. Елімізде оның көптеген түрлері кездеседі. Ең кең таралған түрі - кәдімгі қайың немесе аққайың. Баянауыл және Көкшетау қорықтарында қарағай, көктерекпен бірге қайыңның “үлпек қайың” деп аталатын түрі өседі. Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті. Қайың сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері сырға секілді. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік беріп тұрады. Қайыңның барлық түрі өте тез өседі және оңай жерсінеді. Гүл өсірушілер  қайыңды «Саябақ ағашы» деп атайды

Объяснение:

вот

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi