94 бақылау сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларын орындаңдар.1)өткен шақ туралы айтыңдар 2)келер шаққа мысал келтіріңдер 3)" мүсінші мысық" әңгімесіндегі шоқанның кім екенін білесіңдер ме?

tim152 tim152    2   25.08.2019 21:00    0

Ответы
тигренок55555 тигренок55555  05.10.2020 19:37
1. Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.
Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:
1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.
2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.
3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.
2. берерміз, айтпассың, жүрмек, айтпақшы, барады, оқиды


ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi