9-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, үстеулердің мағыналық түрлерін ажырат. Ертеректе Э.С. Вульсон деген саяхатшы қазақ балалары жөнінде былай деп жазады: «Қазақ балалары кең-байтақ дала төсінде емін- еркін өседі. Атқа мінуге жастайынан үйренеді. Емшектегі бала көп кезінде түйе үстінде тербелсе, аяғымен нық тұруға жараған соң-ақ атқа мінеді. Қазақтарда жас бала құламайтындай етіп жасалған арнайы ер-тоқым (ашамай) болады. Олар қалған өмірінің көбін ат үстінде өткізеді», («Қазақтың салт-дәстүрлері» кітабынан)