9-тапсырма. Монологті оқып, МӘТІННІҢ Тілдік ерекшелігін көрсет. «Сен» жіктеу есімдігінің септелуін партала
сыңмен талда.
Сенің дәмің де жоқ, түсің де жоқ, сенің не екеніңді білмеген-
діктен, сені суреттеп беру де мүмкін емес, сенен тек ләззат ала-
сың. Сен өмірге өте қажетсің, сен – өмірдің өзісің. Сенімен барлық
әлемдегі тіршілік рақат күйге енеді, оны біз бес сезім мүшемізбен
де түсіндіріп бере алмаймыз. Сен бізге біз ұмытқан күш пен қа-
сиетті бересің. Сенің қайырымдылығыңның арқасында жүректегі
тартылып қалған бұлақтардың көзі қайта ашылады. Сен – өмірдегі
ең қымбат байлықсың...
(А. Сент-Экзюпери)