9-сынып. Қазақ тілінен «Мәңгілік ел – мұратым» бөлімі бойынша 1 жиынтық бағалау Оқу мақсаты 9.1.2.1. когамдык-саяси, әлеуметтік-экономикалык, ғылыми такырыптарға
байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты
аудитория мен көркемдегіш құралдардын рөлін талдау
9.3.1.1. жинақталған материалдар негізінде көзделген максатқа сәйкес ауызша және
жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Мәтінге күрделі жоспар құрайды:
• Мәтіндегі көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құр
Мәңгілік ел – нұрлы жолы казактын!
Мәңгілік ел қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылган тарихтан сыр шертер болсак. біз, казак.
көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылык, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу – барлығын бастан
кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне, осының өзі-ак - мәңгілік
ел керегесі.
Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп қазақ елі тәуелсіздігіне қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін,
бүкіл қазақ халқы үшін, ұмытылмас, асқақ бір мейрам, ак түйенің қарны жарылған күн болды, кайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн
де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкіршілігін айтты...
Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей кең дархан «қазақ» деген
халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз.Алда да солай бола бермек. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол – Тәуелсіздік. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік
ел. Тәуелсіздікпен бірге халкымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана
каласын тұргыздык.
Ендігі ұрпак – Мəнгілік казактың перзенті. Ендеше, қазақ елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік ел!Оны көзіміздің қарашығымыздай
сақтау – мәңгі мұратымыз.
2-тапсырма. Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазып, түрлеріне ажыратыңыз
көркемдегіш құралдар
мәтіннен мысал
3-тапсырма. Мәңгілік елді құрайтын негізгі ұғымдарды жазыңыз.

Поля200601 Поля200601    3   24.09.2021 16:30    14

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi