9. мәтіннен ортақ етісте тұрған сөздерді теріп жазыңдар. өткен аптада саяжайға бардық. әкемізге көмектестік, көп жұмыс істедік. жер қазыстық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинастық, оларды сыртқа шығарыстық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесістік, оларды үйге апарыстық. үйдің алдындағы ауланы сыпырыстық. шайға су әкелістік. мен тамақ пісірістім. содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік. алыстан туысқандарымыз келді. біз хал-жағдайымызды сұрастық, сонан соң шай іштік. біраз сөйлестік те, қайтадан жұмысқа кірістік.