Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары болды. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар биледі. Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлады. Сақ қоғамы үшке бөлінді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері (егіншілер, малшылар, қолөнершілер және т.б.). Патша мен әскер көсемдерін тек қана әскер тобынан сайлады. Адамзат дамуының бұл кезеңін «Әскери демократия» деп атайды. Сақ жауынгерінің қару-жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған. Еуропада мұндай қарулар орта ғасырларда ғана пайда болды. 2, Геродот: «Біз білетін халықтардың барлығынан да сниф халқы данышпан... Өздері разылық етпесе, олардың еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайды. Олардан қашып та құтыла алмайды. Өйткені скифтердің қаласы, қамалы жоқ. Баспанасын өздерімен ала жүреді, барлығы аттылы, садақ атқыштар; олар жеңімпаз. Ешкім жеңе алмайтын болмағанда қайтеді! Скифтер өздерін де, аттарын да сауытпен қорғаған», деп жазған3. Мына бір қызықты деректі қараңызшы: «Скифтер соғыста парсыларды әбден шаршатқаннан кейін Иданфирс Дарийға тарту ретінде құс, тышқан, құрбақамен садақтың рын жібереді. Бұл тартудың шешуін Дарий: «Құс ауаны, тышқан жерді, құрбақа суды мекендейді ғой. Скифтер маған үшеуінің билігін берген екен. Садақтың оғы — Скиф ерлігінің белгісі, оны сыйлағаны маған бас игені» — деп, өзі үшін жақсылыққа нориды. Бірақ Дарийдің уәзірлерінің бірі — Гобри бул жұмбақ тартудың мағынасын: «Сендер, парсылар, құс болып аспанға ұшып, тышқан болып жерге кіріп, құрбақа болып теңізге түсіп кетпесеңдер, біздің садағымыздың оғынан құтыла алмайсыңдар!» дегені болар, - деп басқаша шешеді. Көп ұзамай жұмбақ тартудың мағынасы шынында да осындай болғанына көзі жеткен Дарий патша: «Бұл жерден аман кетуді ойлау керек деп скиф жерінен көшіп кетеді. екен»,