8-тапсырма. Төмендегi пiкiр бойынша ой бөлісіңдер. Айтылған пікірлерді кандай фактiлермен дәлелдер едіңдер? Нұрсұлтан Назарбаев тарихтың ең өткір мәселелер шешiлер ең жаyan Ты кезеңіндегі басшы. Әлемдік процестер шектен аса шытырманданып келе жатқан ең шетін замандағы басшы (Әбіш Кекілбаев). Президенттің атқарған қыруар істері арасында мен ұлтаралық келiсiмдi ең жоғары кояр едім. Өйткенi тәуелсіздік алғаннан кейін «Бұрынғы КСРО-да 200-ге жуық ұлтаралық қақтығыс, жанжал тууы мумкін», - деп болжамдар ай тылғаны есімде, «соның біразы Казакстанда болады», деп болжанды. Сол - тұста Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрақтылығына аса зор мән берді (Амангелді Айталы).


8-тапсырма. Төмендегi пiкiр бойынша ой бөлісіңдер. Айтылған пікірлерді кандай фактiлермен дәлелдер е

ruma1974 ruma1974    3   01.12.2021 15:43    0

Ответы
Мальчик004 Мальчик004  01.12.2021 15:50

Объяснение:

Ел қуатты болса, қуаныш тұрақты болады. Ғасырларды уақыт ұршығында иірген мыңжылдықтар тоғысында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қазақтың зар заманда жоғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бүтінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақты шежіресі түзіле бастады.

Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем картасында орын алған тектоникалық үлкен саяси өзгерістердің салмағын саралай отырып, Қазақстанның ұлттық мүддесін сыналап енгізе білген Елбасы осы бір отыз жылдың ішінде жас мемлекетті әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу мақсатымен көш бастады. Көшіміз көлікті болды. Ұлтымызда «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» деген сөз бар. Бұл орайда Қазақстан – қалыптасқан қоғамдық құрылыстар ауысқан алмағайып кезеңде кемеңгер басшысын таба білген ел.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi