8-тапсырма. Төмендегі мәтіннен неологизмдерді анықтап, дәптеріңе көші- ріп жаз.
«Ақылды үй» (ағыл. digital home) автоматтандырылған үй.
Ол адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін жоғары деңгейлі техно-
логиялармен жабдықталған. «Ақылды үйдегі» жарық, электр жү-
йесін, кондиционер, желдеткіш, климат-бақылау, аудио және ви-
део жүйелерді, күзет, өрт дабылы, апатты жағдайларды бір ғана
диспетчерлік пультпен смартфон немесе ғаламтор арқылы басқа-
рып, бақылауға болады. «Ақылды үй» өрттен де қорғайды. Мы-
салы, ауада кішкене болса да иісті газ пайда болса, онда өртке
қарсы жүйе іске қосылады және өртті үдетпес үшін ауаның келуін
тоқтатады, газ жабылады, электр токтары өшіріледі. Бөлмедегі
адамдар сирена және түрлі сигналдар арқылы хабарландырылады,
ал егер өрт үйдің иелері жоқ кезде басталса, онда жүйе арқылы
олардың ұялы телефондарына хабарлама жіберіледі. Параллельді
түрде түтінді жою функциясы қосылады, ал қауіпсіздік қызметіне
өрт туралы ақпарат келіп түседі.
(М.Э. Сопер)​

Vikaaaa32 Vikaaaa32    3   17.11.2020 07:46    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi