8-тапсырма Төмендегі мәтінді оқы. Орфографиялық, пунктуациялық
қателерді анықтап, түзетіп жаз.​

Катя18471 Катя18471    3   20.04.2020 10:47    45

Ответы
2458k 2458k  13.10.2020 12:24

Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi