8-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Орфографиялық, пунктуациялық қателерді анықтап, түзетіп жаз.
Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білім керек.
Талаптың өзінін біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды
білмей іздегенмен табылмас.
Адам көнілі шын мейірленсе, білім ғылымның өзі де
мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде ақыйқат мақсатпен білмек үшін
үйренбек керек..
Ғылымды ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол
мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен жеңілдікпен я біреудің орын-
сыз сөзiне я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсен мінездін
беріктігі бұзылады.
(Абай. «Отыз екінші сөз»).

Stupidpeoplenamber1 Stupidpeoplenamber1    2   11.04.2021 20:02    12

Ответы
9639933p08o1o 9639933p08o1o  11.04.2021 20:10

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi