8 - тапсырма . Көптік мәнді зат есімдерге мысалдар келтіріп , сөйлем құраңыздар . Келтірген мысалдарыңыздың дұрыстығын дәлелдеңіздер . текст.
Бүгінде жас түлектер қандай мамандықты жиі таңдайды ? Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар қандай және болашақта жұмыс берушілер қандай мамандықтарды қажет етеді ? Осы сұрақтарға жауап беру үшін мамандардың сөзіне назар аударайық . Сарапшылардың ай педагогикалық мамандықтардың танымалдылығы артып келеді . 2017 жылы 10 мыңнан астам бітіруші дәл осы мамандыққа құжаттарын тапсырған . Сонымен бірге шет тілін меңгергісі келетіндер көбейген . Әлеуметтік ғылым , экономика және бизнес саласына қызығушы лардың да саны артып келеді . Төрт жылда бұл сала мамандықтарына тапсырушылар саны 2000 адамға артқан . Технология мен техникалық мамандықтарда да біршама өсім байқалады . Ақпараттық жүйе есептеуіш техника , бағдарламалық қамтамасыз ету , басқаруды автоматтандыру мамандықтарын ерекше атап өту керек . Тағы бір сұранысқа ие мамандықтардың бірі - өнер саласы . Мысалы , жыл сайын режиссураға 250 адам түседі . Еліміз бойынша жарнама , маркетинг , PR ( қоғаммен байланыс ) саласының мамандарына сұраныс жоғары . Банк секторында қазір тәуекел - менеджеріне тапшылық сезіледі . Фармацевтикада сату мамандары мен GR - менеджерлер қажет . IT саласында құрастырушылар мен sales - менеджерлер сұранысқа ие . Соңғы жылдары технология мен IT саласының дамуына байланысты жаңа мамандықтардың саны артты , сонымен бірге болашақта кәсіптер қарқынды трансформациядан өтеді . Яғни , 30 маманның орнын өзін әр бағытта дамытқан бір әмбебап маман алмастырады
как можно скорее