8-тапсырма. Берілген қанатты сөздерді топ болып талқыландар. Ішінен күрделі сөздерді тауып, жасалу жолдарын көрсетіңдер. 1. Фантазия - өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Ол ақылды кеңейтеді. Фантазиясыз жаңадан бір нәрсені ойлап табу мүмкін емес. (М.Жұмабаев) 2. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген амалдарыңның барлығы, ең алдымен, қиял-ойдан бастау алады. (А.Эйнштейн)