8-тапсырма. Қандай салт-дәстүрлерді құндылықтар деп
есептеп, жаңғыруын қалайсың? Дәлелмен сөйле.​

Stevejobs1111 Stevejobs1111    3   26.10.2020 07:55    9

Ответы
валерка1973 валерка1973  25.11.2020 07:57

«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын білер», - деген Ғабит Мүсірепов атамыздың сүбелі сөзі бар. Сан ғасырдан бері халқымызбен жасасып келе жатырған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің қолданысына мүмкіндігінше қанық болғанымыз дұрыс. Жақсы жарасымын тапқан салт-дәстүрлер қазақ халқының пайым-түсінігімен, психологиясымен, тектілігімен астасып жатыр. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Салт-дәстүр – халық өмірінің айнасы. Оның жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі таудай ақ.

Бұрын қазақ халқында қызды алып қашу өте сирек кездесетін болған. Тек қыздың ата-анасы оны қалаған жігітіне беруден бас тартқанда ғана осындай әрекетке баратын. Негізінде қызды құда түсіп алған. Қарын құда, бесік құда, айттыру құдалығы, сүйек жаңарту құдалығы қазіргі таңда сирек кездескенімен, жастардың өз ырқымен бас қосуы қуантарлық. Соңғы уақытта қазақ қыздарының «сырғалым» атанып, туған ұясынан ата-ананың ақ батасын алып ұзатылуы жиі көрініс табуда. Кей деректерге сенсек, құдалар қыздың төркініне қалың мал беру рәсімі бойынша қырық жеті жылқы малын беруге тиісті екен. Ал бүгінде ол заң сақталмағанымен, әркім шамасы келгенше қалың малын апарады. Қыздың ата-анасы да жасауына керекті дүние-мүлкін, ыдыс-аяғын және еншісі деп үйірлі жылқы, сауынды сиыр, сойыс қойларына дейін шамасы жеткенше беруге тырысқан.

Ұзатылатын қыз екі-үш ай бұрын елін, ағайын-туысын аралап қоштасатын еді. Қоштасуға барған үйі мал сойып, ауыл жастарын жинап, алтыбақан құрып сауық жасайтын. Бұл серуендерде әдептілік, сыпайылық, адамгершілік, имандылық қатал сақталған. «Ұрын бару», «ірге басар» секілді рәсімдерді тек кітаптан ғана оқитынымыз болмаса, бүгінде оларды көрек қоймайтынымыз ақиқат. Дегенмен, қазіргі уақытта да ұзатылатын қызды жақын-жуығы арнайы қонаққа шақырып, бір шәйнек суын береді. Мұның артында ағайынның қимастығы, ілтипаты, дархан көңілі жатыр.

Ертеде ұзатылатын қыз тойында жар-жар айтып, ел-жұртымен қоштасатын. Қоштасудың үлгісі сұрақ-жауап түрінде болады. Сұрауды ұзатылатын қыз қояды да, жауапты қыздың жеңгелері, замандас-құрбылары береді. Бұл тұрмыстық әндердің тәрбиелік маңызы күшті болған. Онда ұзатылар қызға ақыл-кеңес, насихат сөздер айтылған.

Барлық рәсімдер орындалып болған соң, екі жақтың құда шақырысу рәсімдері басталады. Құда-құдағиға, оның қасына ілесіп келген кісілерге лайықты қасиеттерін кигізіп, ат мінгізген. Кит демекші, кит кигізу салты еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда Маңғыстау түбегінде әлі күнге дейін сақталған. Китсіз құдалық өткен емес. Шүберек-шұрқа демесеңіз, бұл дәстүр сый-сияпаттың белгісіндей.

Объяснение:

я старалась

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi