8. Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
9. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде
тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады?
Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (5-6 сөйлем).
[2]
10. Тәуелсізбін! –
Танып тұрмын өзімді.
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп, ешкім енді шұқымайды көзімді... - деген жолдардағы
көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
8.Т.Әбдіковтың шығармасының "Қонақтар"деп аталу себебі - ата- анасына жылына бір рет соғып,қонақ болып кететін Сапабектің отбасымен ауылға келуіне байланысты.Курорттан келе жатып,жолай туған үйіне қонақ болып,соғып кететін Сапабектің ісіне қарт әкенің көңілі толмайды.Жалғыз ұлдың қара шаңыраққа ие болып,ата-анасына қомқор болғанын қалайды.Өкінішке орай жалғыз ұл қонақтап,үйіне қайтып кетіп,ата-анасының үмітін өшіріп,разылығын алмайды.
9.А.С.Пушкин "Ескерткіш"өлеңінде өз шығармасының басқа тілдерге тарайтынына кәміл сенді.
Я памятник себе воздвиг нерукотворный,
К нему не зарастет народная тропа.
Вознесся выше он главою непокорной,
Александрийского столпа.
Слух обо мне пройдёт по всей Руси великой,
И назовет меня всяк сущий в ней язык.
И гордый внук славян и финн и ныне дикой,
Тунгус и друг степей калмык.
Ол өлеңінде: адам қолынан келмейтін ескерткіш орнаттым.Александрийа мұнарасынанда биік,асқақтап тұр.Бұл өлеңмен орнатылған ескерткіш,сондықтан менің жаным өлмейді.Халқым мені әр күн ардақтап есіне алады.Дауысым Ресейдің түкпір -түкпіріне жетіп,славян елдерінің ұрпақтары,тіпті тұңғыс,қалмақтар менің атымды айтып жүреді,-деген.
10. Бұл өлең жолдары тәуелсіздікке арналған.Тәуелсіздік алғалы еркінбіз,еркін сөйлей аламыз,ешкімге тәуелді емеспіз.Ешкім көкірегімізден итеріп,ешкім біздің көзімізді шұқымайды,-деп бостандық алған күнді жырлап,кең байтақ өз жерімізде еркін өмір сүретініміз айтылған.