8.Мәтін бойныша Сырдария өзенінің сипаттамасымен танысыңыз. Мәтіннен сандық және сапалық сипаттамаларды анықтаңыз. Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Бастауын Орталық Тянь-Шань сілемдерінен алады. Нарын мен Қарадария өздерінің қосылған жерінен бастап Сырдария деп аталады. Арал теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2219 км, су жинайтын алабы 462 мың км кв. Орта және төменгі ағысы Қазақстан жерінде; республикадағы ұзындығы 1400 км, су жиналатын алабы 240 мың км кв. Өзен бастауын тау деңгейінен жоғары 3300 – 4400 м биіктікте жатқан таулы өңірден алады. Алабында өзен суын толықтырушы, жалпы ауданы 2208 км кв болатын 1713 мұздық бар. Қазақстандағы ірілері – Келес, Құркелес, Арыс, т.б. Сырдария негізінен қар және аздап мұздық, жауын-шашын суымен толысады. Деңгейі сәуір айынан көтеріле бастайды, маусым-шілде айларында ең жоғары шегіне жетеді. Содан кейін суы азая түседі. Сырдария алабында Жаңадария, Қуандария сияқты көне құрғақ арналар көп кездеседі; бұлардың көпшілігі суару-суландыру каналдарына айналдырылған. Сырдарияның төменгі ағысында суармалы жердің бүгінгіден төрт есе көп болғаны айтылады. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 4-ші тоқсанда жарияланған экологиялық ақпарат бюллетенінде Сырдария суының сапасы жағынан 2-ші класс деп тазаға жатқызған. Онда ең қауіпті ингридиенттер – натрий азоты мен мұнай продуктыларының 1 литр судағы мөлшері ПДК-дан аспайды. Бар мәліметтерді салыстырып қарағанда, Сырдарияның бассейні экстремальді жоғары дәрежеде ластанған өзендердің қатарына жатпайтындығы байқалады.

Географиялық нысаның қасиеттері
Мәтіннен алынған дәйексөздер
Орны (Орналасқан жері) [1]
Қасиеттері мен сипаттамалары [1]
Кеңістік қатынастары [1]
Уақыттық сипаттамасы [1]
Сандық деректер [1]
Сапалық деректер [1]

Suhih77 Suhih77    1   28.10.2020 13:27    26

Ответы
69Maxsim96 69Maxsim96  27.11.2020 13:27

мне

Баска жауап жок

.......


8.Мәтін бойныша Сырдария өзенінің сипаттамасымен танысыңыз. Мәтіннен сандық және сапалық сипаттамала
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi