7сынып қазақ тілі істеп беріңдерші өтініш бжб 2 ші. 3 тапсырманы ​


7сынып қазақ тілі істеп беріңдерші өтініш бжб 2 ші. 3 тапсырманы ​

sashapro228 sashapro228    1   20.10.2020 02:35    3

Ответы
azalhanovahalid azalhanovahalid  19.11.2020 02:36

2) Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.Және желілердің түрлері бар. Мысалы:

Дауыл – көбінде теңізде және теңіз жағалауларында соғатын, жылдамдығы 30 м/с-тан асатын аса жойқын жел.

Нөсерлі дауыл – нөсерлеп жауған жауынмен қатар соғатын боран.

Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл» деп те атайды.

Көк дауыл – аязды қарлы боран.

Боран –жылдамдығы 20 м/с-тан жоғары, өте қатты соғатын жел.

Арқаның ақбораны – Сарыарқада соғатын, ат құлағын көрсетпейтін ақ түтек боран.

Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран.

Ақтүтек – жауған қармен қабаттасып, ұйтқып соғатын боран.

Ноқай – көзді аштырмай, құйын тәрізді үйіріліп, үдеп соғатын боран. Бұрқасын – қармен қабаттасып, бет қаратпай долданып соққан боран.

Жаяу бұрқасын – бәсең соққан боран.

Ақборан – қарды ұшырып, жер әлемді ақ қармен тұмшалайтын боран.

Ақжорға – жердің бетімен қарды ұшырып ұйтқып соққан жел.

Құйын – үйіріле, ұйтқи соғатын, кейде шаң-тозаңды көкке үйіріп соғатын екпінді жел.

Алақұйын – астаң-кестең ұйтқыған боран.

Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел.

Қызыл жел – аңызақ, ыстық жел.

Майда жел – жұмсақ самал.

Салқын жел – тым суық та, тым жылы да емес жел.

Суық жел – ызғарлы күзгі жел.

Қара жел – бұлтты күні соғатын ызғарлы, жауын-шашынсыз жел.

Қарыма жел – бет, құлақ ұшын қаритын өткір жел.

Үскірік жел – күзде, қыста соғатын құрғақ, суық жел.

Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел.

Аңызақ жел – жылы, ызғары жоқ, құрғақ жел.

Дегендей жел түрлерін білемін

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi