75-жаттығу. Мәтіннен есімшелерді тауып, есім мағынасындағы, етістік мағы- насындағы есімшелерді екі бөлек теріп жазыңдар. 1. Ол Сәулеге кино жайында әңгімелеп келе жатқан. 2. Кісілік – кейінгінің іздегені, Жат емес, ең жақыны, көздегені. Баукеспе жа- мандары ұры болды, Кәнеки, елдің күдер үзбегені (Ә. Т.). 3. Самса- ған көздің бәрі соған байланған, бәрінде де үн жоқ. (А. Н.). 4. Онда сол Нұра бойына көшіп барып, жайлап қайтатын кез (С. Б.). 5. Қырсыққан жігіт мал таппас (мақал). 6. Барар жер онша алыс емес, енді бір-екі шақырым қалды. 7. Көп біріксе, ел болар, көп тілегі көл болар. 8. Айтқан сөз – атылған оқпен тең (мақал). 9. Отырған- дар, әсіресе кейбір ерсілеу сұрау бергендер ұялып, беттері қызарып, төмен қарай береді (А. Т.). 10. Шыны айна біздің дәуірімізден 2 мың жыл бұрын шыққан. Ол кезде айнаны үлкен жиһаз санап, зор байлықтың белгісі деп қараған. 11. Бәйгеден шығып жүлде алған, Шауып мүше күнде алған, Бауырымды жазайын, Жүйрік емес бол- дырған (Жамбыл).
кешке дейін керек еді