7. «Зар-заман» ақындарының өз жырларында көтерген мәселелерін анықтаңыз. Зар заман ақындары Шығармасынан үзінді ХІХ ғасырдың зиялыларыақындар көтерген саяси
мәселелер
Дулат Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?»
Айтуға ауыз келе ме?
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?
Шортанбай Қанайұлы «Мына заман қай заман?»
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа.
Орыс – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің
ұйқыңды?
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Қоныстың бар ма қалғаны?!