7-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып, «Әсем қала – Астана» тақы- рыбына шағын мәтін құраңдар. Шетелдік қонақтар, ән шырқалды, қаланы көріктендірді, Елбасының алақан ізі, елорданың тыныс-тіршілігі, сәулетті ғимараттар.

ivanovali0109 ivanovali0109    1   02.12.2021 17:26    13

Ответы
ангел810 ангел810  15.01.2022 13:25

Әсем қала - Астана.

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

Жаңа астанамыз қарқынды дамып келеді. Бар болғаны 23 жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен сәулетті ғимараттар бой көтерді, оң өзгерістер қаланы көріктендірді.

Жыл сайын 6 шілдеде қала күні аталып өтіледі. Іс - шараға алыс-жақыннан шетелдік қонақтар да қатысады. Жыл сайын Астана күнін тойлауда мерекелік концерттер өткізіліп, ән шырқалады.

Елорданың бүгінгі тыныс-тіршілігі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi