7-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, кәсіби сөздерді теріп жаз. Қай салаға жататын кәсіби сөздер екендігіне көңіл бөліп, оларға түсінік бер. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалан. Ертеде бір балықшы суды жағалап келе жатса, алыста күнмен шағылысып, жалтырап дыраудай бір нәрсе көрінеді. Жақындап келсе, айналасындағы бір жымға денесінің көбін батырып, үлкен- дігі қайықтай бір нән балық жатыр екен. Балықшы оны қолындағы жарағымен аулап ала алмайды. Көршісі Иван деген балықшының жарағы, ау-жадырасы бар екен... 18-тапсырма. Театр мәдениетіне қатысты төмендегі кеңестерді оқып, сұрақтарға жауап бер. о Театрда қойылым барысында көп сөйлемей, анда-мұнда шықпай, көп қозғалмаңыз. Актерге кері әсерін тигізуіңіз мүмкін. Ұялы телефоныңызды сөндіруді немесе дыбыссыз режимге қоюды ұмытпаңыз. Трагедия болса, өте қатты жыламаңыз. Комедия болса, өте қатты күлмеңіз; көрермендердің назарын өзіңізге аудартып аласыз... Әрине, күлуге, жылауға болады... Тек өз орнымен... Шек- тен тыс емес! Негізі театрда (барлық жерде) тәртіпті, тәрбиелі, мәдениетті болып жүру керек. о