7-тапсырма. Егер осы драманы өзің жазсаң, Шұғыланың соңғы сөзін қалай аяқтатар едің? Драманы өз сөзіңмен аяқтап,
қорытынды жаз.
ШҰҒЫЛА: /Кирдің басын торсыққа қайта салады/.
Патшалардың патшасы ұлы Кир, құмартқаның сақтың
қаны еді! Жақсылар мен жайсаңдар, көсемдер мен көк
сүңгілі сарбаздар, мынау торсықты парсының қанына
толтырыңдар да еліне қайтарыңдар, қанып ішсін де жаны
жай тапсын!.. Көк Тәңірі сыйлаған сақтың сары даласына
енді қайтып ешкім бас сұқпасын! Тұранның қасиетті туын
ешкім жықпасын!..