Ақ киімді, денелі,ақ сақалды, қылышын сүйреткен қыста келіп жетті. Тоқтаусыз жауған қар ауыл ішін танымастай өзгерткен. Сықырлаған аяз айналаны ақ қырауға орап, түсі суық боран соқты.
Даланың аппақ қар басқан көрінісіне қызығып ойнауға шыққан балалар, беттері домбыға бастады. Артынан аласұра ақ боран соғып, бет көрісердей болмады. Қалың тон мен шидем киген малшы, бетін үсік шалып, қалың тұманнан кері қайтты. Малшының ерттеп мінген аты да әрең шыдап, ауылға зорға жетті.
Әуреге салған бұл суық, аязын ғана емес, сонымен бірге малға шапқыш аш қасқырда да ауылға жағалатқан. Ауыл адамдары малдардың қасқырға жем болмас үшін , ұйқы көрмей, кезекпен күзетті. Қатты суыққа мойымай, қыстың үскірігіне шыдап жүрген бұл адамдардың, жалғыз азығы осы малдар еді. Осылай ша күндер, артынан апта, кейін ай өтіп әбігерге салған қыста бітуге аз қалды.