7-сынып. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалар «Төрт түлік мал мен егіншілік-елдің берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын!»
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты 7.06 .тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
7.Ж5. тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу,
Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі Мәтіннің мазмұнына негізделген тапсырмада тірек сөздерді тауып жазады, берілген сұраққа мәтін мазмұнына қарай жауап жазады.
Қосымшалардың дұрыс жалғануын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерін қойып , оқшау сөздерді орынды қолданып жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындылу уақыты 40 минут
Оқушының аты-жөні
Сыныбы
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР тұңғыш президенті
Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.
1. Мәтіннің негізгі тірек сөздері.
А) наурыз, тойлау, мемлекеттік мереке
Ә) наурыз, тарихы, сәуір
Б) наурыз, мейрам, жыл
В) наурыз, атақ, күту
2. Мәтінде қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз.
А) уақыт бөлмеу
Ә) рұқсат етпеу
Б) жаңа мереке
В) алып келді
3. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз.
А) «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
Ә) Қай жылдан бері мейрам жалғасын тапты?
Б) Мерекені ең алғаш қай халық тойлады?
В) Елбасы 22 наурызды не деп жариялады?
4-5. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.
Ежелгі-
Бірінші-
, ответьте на все вопросы.