Күнделікті өміріміздегі тағамдардың көбіне ұн қолданылады. Мысалы: бесбармаққа қамыр жайып салады. Лапша да ұннан жасалады. Біздің отбасы ұн тағамдарының барлығын ұнатады. Ұн тағамдарынан бәлішті менің әпкем жақсы дайындайды. Менің әжем тоқаштарды пісіруге ерінбейді. Мен ұн тағамы десе манты елестетемін.