6тапсырма.
қияс пен оның інісі — сауыттың диалогін оқы. аға мен іні арасында қандай
сыйластық бар? айтып бер.
сауыт бетінің терін алақанымен сүрткіштеп біразға дейін үнсіз отырды да
ағасы тамақтанып болған соң барып сөйлей бастады:
— өзің шаршадың ба?
— аздап қана.
— көтерме құлап қапты ғой.
қияс бұл жолы үндеген жоқ.
— бүгін сиырды қойнауға арқандадым.
— аударып арқандадың ба?
— аудардым. сосын қайтып келіп, шай қойып бердім. шай ішіп, апам
борша-борша боп терледі. «кешегіден тәуірмін» – дейді.
шешесі туралы айтқанда сауыт өзінше байсалды сөйлеп, ағасын жұбатпақ
болған ниет танытты.
қияс оның тершіген басынан жайлап сипап қойды.
— енді үйге қайтасың ғой?
— қайтайын.
(т. нұрмағамбетов)