68. Мәтінді оқы. Қайыңның көз жасы
Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап
тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап, таң-тамаша. Осы
сәтте күркебай қарт таяп келді. Қапан:
– Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр? – деді қайыңның
діңін нұсқап.
- Су емес... Қайыңның көз жасы – ол. Біреу бұтағын
сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ
айтатын. Қайтсін, байғұс?! Табиғат перзенті ағаштың да
жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді!
Ал олардың жасайтыны осы...
Қапан ұялды. Қарттың уәжді* сөздері зердесіне* жет-
кендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді
сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.
Толымбек Әбдірайым
• Қалай ойлайсың, Қапан неліктен ұялды? Өз ойыңды дәлелде.
• Мәтін неліктен «Қайыңның көз жасы» деп аталған?
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Мәтіннен етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айт.

meeeoooowww meeeoooowww    1   22.02.2021 07:46    30

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi