67-бет, 6-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді жазып, тірек сөздерді қолдана отырып, сөз тіркесін жазыңыз Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында
отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді?
– дейді.
Қырғауыл:
— Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп
қоюы мүмкін, – дейді.
Түлкі:
— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана
келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен
қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан
бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, –
дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша
жөнеледі.
Қырғауыл:
— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:
— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.