61. Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа. Мәтінді түсініп 117 оқы.
Балықшы мысық
Мысық өзенге балық аулауға барады. Қармағын суға са-
лады. Оған шабақ түседі. «Бұл кішкентай балық қой» деп
ойлайды мысық. Қармағына құртын іліп алып, тағы да суға
тастайды. Бұл жолы қармаққа алабұға түседі. «Алабұға да
онша үлкен емес» деп ойлайды. Қармағын үшінші рет тас-
тайды. Қармаққа үлкен шортан балық түседі. Ол мысықты
суға сүйреп әкетеді.
«Хрестоматиядан»
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Мәтіннен сын есімдерді және күрделі зат есімді тап.