6 . -тапсырма.
«Желаяқ» ойыны. Топқа бөлініңдер. Топ санына қарай мәтін ілінеді. Топ
мүшелері кезекпен тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды. Оқыған
сөйлемін тобына келіп жаздырады. Ойын осы ретпен мәтін аяқталғанша
жалғасады. Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқа
мәтін салыстырылады. Жылдам әрі мәтінді дұрыс құраған топ жеңімпаз атанады.