6-тапсырма. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты іс» тақырыбына эссе жазыңдар. Талаптары: • нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды бөлімнің болуы; • тақырыптан ауытқымау; • өмірмен байланыстыру; • өзіндік тың пікірлер келтіру; • баяндау стилі нақты болу; • мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді; • болжалдық, шектік мәнді шылауларды қолдану; • көлемі 120-150 сөзден тұру.

lera10u lera10u    2   21.02.2022 13:29    1

Ответы
надечка2005 надечка2005  21.02.2022 13:30

Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс

Тәуелсіздігімізді алып бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтың тәрбиенің алатын орны ерекше.Халқымызда «Баланы – жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан салт дәстүрді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін бере білсек, бұл бала тәрбиесіне қосқан үлкен үлесіміз болып табылады. Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес , сонымен қатар мектепке дейінгі ұжымның да қосар үлесі көп. Білім мен тәрбие өзегі – балабақшадан бастау алатыны баршамызға мәлім.

Бала бойына жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі де тәрбиелі болуына тәрбиешілердің де алатын орны ерекше. Ата-аналарымыз тәрбиеші мен тығыз қарым-қатынаста болып, баланың дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етсе, жас бүлдіршіндеріміз саналы боп өседі деп ойлаймын. Балаларымызды

қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәрбиелі ұрпақ екенін естен шығармауымыз қажет. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршамызға ортақ, әрі міндет.

Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тірбиелеу өз қолымызда. Ұрпақтарымыз ұлағатты болсын десек, «ұлы сөзден – ұлағат» екенін ұғындыра білуіміз қажет. Сонда ғана «ұлтым» деп мақтанатын болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналатын ұрпақ болатыны сөзсіз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi