6-тапсырма. Мәтіндегі орфографиялық қателерді емле ережелеріне сәйкес түзетіп жазыңдар.
Көктем жаршысы
Көктемнің келгенін жеткізетін табиғат «ғажайыптары»
да жетерлік. Соның бірі – жыл құстары. Өкпек есіп, қар ери
бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келетін жұдырықтай
ғана жылқұсы бар. Оны қазақ наурыз көк, наурызек немесе көк
құс деп атайды. Кейжерлерде оны жылқышықұс деп те айтады
және «бақыт құсы» қатарына қосады. Құсты бірінші көрген
а оған жем шашады. Наурыз көкті
алғаш көргендер «Наурызкөгім, келдің бе?» немесе «Наурызек,
қайтып келдің бе, анаңның көзі жазылды ма?» деп сұрайды
екен. Аңыз бойынша мұндағы Наурызектің анасы
Жер Ана.
Яғни Жер-Анаға көктем келді ме, табиғат жаңарды ма деген
мағына береді екен.
Же ңіл, ұшқалақтап тұратын кішкентай құс
Наурыз
көктің құйрығы ұзын, түсі көк болады. Наным бойынша Нау-
рыз көк келгеннен кейін күннің қатуы сынып, айтарлықтай
боран, суық болмайды.