6 -тапсырма. Мәтінді оқы. Жанрлық ерекшелігін анықтап, талда. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78 %-ы жақтап дауыс бер ді. Бұл — жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мем- лекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Тұңғыш Президенттің жар- лықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.