6-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырыбын қой. Мәтіндегі нақты деректер мен авторлық көзқарасты айырып талда. Сақтар мен ғұндардың бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе мауытыдан тігілген қаусырмалы бешпент, ме- талл қаңылтырлар тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік тайпа киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді. Сақ көсемі өңіріне алтын жапсырмалар қадалған және елтiрiмен әдіптелген қызыл түсті жарғақ қамзол киген. Ал жеңі түгел сұр былғарымен оюланып кестеленген. Шекпені өрнек- термен әшекейленген, басына қоңыр киіз қалпақ киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек киіп, омы- рау тұсына дөңгелек алтын қапсырмалар қадаған. Көйлектің үстінен иығына ақ-қызыл түстермен қиюластыра кестеленген жүн тоқымалы жамылғы жамылған. Баскиімі де өзгеше бөркімен және түтікшелі бұрым қабымен ерекшеленеді.

krnshlpn krnshlpn    3   04.10.2021 08:00    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi