6-тапсырма. Мәтінді оқы. Автордың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы жазған мақаласы тура- лы өз пікіріңді айт. Елбасыма Ұлының аты ұлы! Оның арманы да асыл, бақыты да ұлы. Ұлы адам өзінің емес, ұлтының, елінің жайын ойлайды. «Елдің бүгіні мен ертеңі туралы ой әр кез, қайда жүрсем де, бір сәт те тыныш таптырмайды», – деп жазды Елбасы «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабында, Тәуелсіздікті алудан оны сақтап тұру әлденеше есе қиын. Азаттың халыққа қаншалықты қуаныш, бақыт сыйласа соншалықты қиыншылық та алып ке- леді. Баяғыдан бері қалыптасқан байырғы мемлекеттердің де проблемалары аз емес. Ал енді ғана азаттық алған тәуелсіз жас мемлекетті құру — қиынның қиыны. Елбасы ел өміріндегі небір қиын түйіндерді өзіне тән асқан ақыл- парасатпен шешіп келеді. Сәбит Досанов