6-тапсырма. Графикалық диктант жаз. Егер берілген пікірмен келіссең, үшбұрыш белгісін, ал келіспесең, төртбұрыш белгісін қой. Белгілерді
жылдам әрі дұрыс қойған сыныптастарыңды анықта.
1. Адам - табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір
бөлігі.
2. Адам - табиғатты билеп-төстеуші, бағындырушы.
3. Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорқып, соларға
табынған.
4. Тұрмыс заттары, құрылыстар, қолжазбалар, кітаптар, тиын-
дар – тарихи ескерткіштер.
5. Тарих - адамдардың өткен өмірі туралы ғылым.

көмектесіңдерш

нина503 нина503    1   04.11.2020 13:03    43

Ответы
Ондруй Ондруй  04.11.2020 13:10

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

«Су ішкен құдығыңа түкірме»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Sun closed by the moon.jpg

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi