6-тапсырма. Қажетті сөздерді қойып жаз.
Қажетті сөздер: ежелден, кең далада, орта ғасырда, жұлдызшы, қызықтырған, ежелгі дәуір.
Көшпенді түркілерді аспан әлемінің құпиясы … Ұлы көшпенділер … өмір сүрген. Олар … аспан әлемінің құпиясын меңгерген. … қазақтар аспан денелерінің қозғалысын білген. Аспан әлемін бақылайтын адамдар болған. Аспан, жұлдыз әлемін бақылайтын адамдарды … деп атаған. Қазақ жұлдызшылары … мен орта ғасырда аспан денелерінің қозғалысын бақылаған.
дам лучший у кого будет правильный
1. Көшпенді түркілерді аспан əлемінің құпиясы қызықтырған. 2. Ұлы көшпенділер кең далада өмір сүрген. 3. Олар ежелден аспан əлемінің құпиясын меңгерген. 4. Орта ғасырда қазақтар аспан денелерінің қозғалысын білген. 5. Аспан əлемін бақылайтын адамдар болған. Аспан, жұлдыз әлемін бақылайтын адамдарды жұлдызшы деп атаған. 6. Қазақ жұлдызшылары ежелгі дәуір мен орта ғасырда аспан денелерінің қозғалысын бақылаған.