6.«Түсінік ойыны» 1) Мәтіннен тірек сөздерді тауып, әрқайсысына 4-5 ассоциация-тірек сөзден жаз
5. Мәтінді оқы . Бабалар аманаты Еңсесі биік Елордам менің ! Ата - бабамыз ежелден аңсаған еркіндіктің бойтұмар белгісіндей болған байрақты шаһар бас қалам менің ! Бүгін сенің туған күнің . Шын мәнінде , елдікті сезінген адамға нағыз қуаныш . Сарыарканың сайын төсінен ойып тұрып орын алған, көкке мойын созған арулім үйлерімен көрген жұртты тамсандырған Елордам менің ! « Астана күні , деген ат алып , айдар тағылған бүгінгі той – сенің еншің , се нің тойын , қазақ баласы . Мемлекет орталығы Қазақстанның дәл ортасына орна ласты . Көк байрақ Арқа жерінде желбіреді . Түгін тартса майы шығатын қазақтың шұрайлы жері түбі бір атақонысқа айналуы керек еді . Қазақтың уайымы онсыз да аз емес - тұғын . Соның үлкені туырлықтай болса да , туған топырақтан айырылмаудың қамы болатын . Жердің түтастығы - елдің тұтастығы . Қазақтың еркіндігі үшін күрескен Қабанбай , Бөгенбай , Наурызбай , Сырым Датұлы , Исатай , Махамбет сынды батыр лар армандаған тәуелсіздікке қол жетті . Қазақ жерінде кешегі Алаш идеялары жүзеге асты . Алаш орда мүшелері алғашқы Ақпан революциясына ілесе шыққан күрескерлер еді . Олар патша құлаған соң , еркіндік бола ма деп сенді . Алайда большевиктер саясаты үмітті ақтамады . Алашордалықтар алған беттен қайтпай , еркіндік ұранын айта берді . Қазақтың асыл ерлері ақыры сол үшін құрбан болды . Тәуелсіздік ойын оятқан арыстарымыздың мұратына қол жеткізу біздің ұрпақтың маңдайына бұйырды . Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті . 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет — сол арыстардың асыл арманы ның жүзеге асуы . Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз қажет . Алаштың асыл аманаты бізге тарихи - мәдени бірегей лігімізді , қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндет тейді . Алаштың асыл армандары бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады . Қазақстан халқының бірлігі бәрінен бұрын қазақтардың бірлігіне байланысты . Н. Жycin