6-сынып.1- тоқсанды пысықтау тапсырмалары
1.«Қырық асыранды қазым бар, соны қан шығармай сойып, білдірмей жүнін жұлып, күйдірмей пісіріп беретін кісі бар ма?» сұрағында «қырық асыранды қазым» деп хан кімдерді айтты?
А) Ақылды қырық уәзірім
В) Ақылсыз қырық уәзірім
С) Ақылды қырық құлым
Д) Ақылды қырық сарбазым
Е) Ақылсыз қырық құлым
2.Мадан ханның тапсырмасы сюжетіндегі артық эпизодты тап.
А) Үстіне жыртық тоны, басында тымағы бар, бес-он қойды бағып жүрген адамды адамның жаманы ретінде алады.
В) Уәзірлер құс жаманы деп қырғауылды, шөп жаманы деп шеңгелді алады;
С) Жаман уәзірлерге шеңгел мен қырғауылды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырады, себебін хан алдында айтпақшы болады.
Д) Жұмбақтың жауабын шешуді уәзірлеріне бұйырады.
Е) Мадан хан уәзірлерін шөп жаманын, құс жаманын, адам жаманын тауып келуге жұмсайды.
3. Қай тармақта Алып Ер Тұңғаны мадақтау барын анықта.
А) Назар салсаң, бұл түркінің бектері,
Жаһанның әз бектері, асыл тектері
В)Түркі бектері ішінде атын асырған
Алып Ер Тұңға ер еді құты тасыған.
С)Тәжіктер де хатқа мұны түсірген,
Кітапта жоқ болса кімдер түсінген?!
Д)Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Е) Қажет білсең, білім, ақыл, даналық,
Қолға алуға дүниені қаратып.