6. Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.
7. «Ия, Сырым шырағым!
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың.
Жоқтан бар болдың!». Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (2-3 шумақ).
8. Өтінде арпалысқан өмір-майдан,
Жайқалсын болашағың тамыр жайған.
Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы,
Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!
Берілген жолдардағы ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға беріңіз.
9. «Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.
10. «Намысты айырбастап күнкөрiске,
Сұғасың бiр кебiстi бiр кебiске», - деген жолдарды дамытып 2 жол жазыңыз