6. Өлеңдегі жақсы-жаман әдеттерді екі бағанға бөліп жаз, сөздерден үш сөйлем құра.
Өлен:
Бостандық таңы атты,
Қазағым, көріндер.
Арға ие басшының
Соңынан еріңдер.
Таң артынан ақиқат
Күн шығады,
Еріншек, жалқаулық
Әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды
Түбімен жойыңдар.
Өтірік, өсекті
Біржола қойындар.
Намыс, жігер
Бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық
Жағында болындар.
Бірлік пен талапты
Еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден
Өнеге алыңдар.