6. Күлтегін жырынан алынған үзіндіні қатыстырып, «Күлтегін жы- рындағы және қазіргі замандағы ел бірлігі мен патриотизм» тақы- рыбында эссе жазыңдар. Қырық жеті рет Жорыққа шыққан Қаған әкем Ас-суын Атынан түсіп ішпеген, Қылышы қынына түспеген, Жиырма рет соғысқа кірген. Бетпе-бет келіп, Шөптердей қырқып, Ағаштардай кесетін Шабысқа кірген. Елді болғанды Елдігінен айырған, Қағанды болғанды Қанатынан қайырған. Байлыққа батқан, Бақытқа кенелген. Бұлықсынғанын Бүтадай сындырып, Тізелісін Түйедей шөгерген. Қаттысын Балшықтай илеп, Бастысын Басы жерге тигенше Идірген. Табанын жалатып, Табалды