59. Халықаралық спорт күні Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтаңдар.
2013 жылдың тамыз айының 23-і күні Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы сәуір айының 6-сын Халықара-
лық спорт күні ретінде атап өту турасында бірауыздан шешім
қабылдады. Бұл күннің ресми атауы
«Даму мен бейбітші-
лік үшін халықаралық спорт күні». Спорт бейбітшілік пен да
мудың құралы ретінде ынтымақтастықты арттырып, төзімді-
лікті, түсіністікті, сондай-ақ ұлттық және халықаралық дең-
гейлерде ықпалдастықты күшейтеді. Әлем бойынша аталып
ететін спорт күнінде миллиондаған адам спорттық шаралар-
ға, түрлі жарыстарға қатысып, саламатты өмір салтын наси-
хаттауды әдетке айналдырды.
Елімізде спорт күні Қазақстан Республикасының Прези-
денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасын-
дағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбі-
сінде атап өтіледі. Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие.
Еліміздегі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы
жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат спорттың
дамуына оң ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы
онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойын-
дарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Еліміз беделді
халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Бұл –
Қазақстандағы спорт мәдениетінің жоғары екендігін бүкіл
әлем мойындап отырғанын көрсетеді.
(www.inform.kz)
іnіндегі спорттың рөлі қандай?
ондай қажеттілігі бар
ТУТ КРЧ НУЖНО ҚАСЫМША АҚПАРАТ НАПИСАТЬ

polina200412 polina200412    3   18.02.2021 16:20    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi