58. Александрия шамшырағы Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның
ғажайып үлгісі болып табылады. Александр Македонский Александрия
қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар
тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнема кемелер
соғылып апат болған. Қаланың өсіп дамуына байланысты қалаға келетін
кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229
ж Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жакын жердегі Фарос аралында
маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгіше созылады.
Александрия шамшырағын тұрғызған книдтік сәулетші Сострад кейінгі
ұрпаққа өз атын қалдырғысы келіп, шамшырақтың мәрмәр қабырғасына:
«Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострад теңізшілердің амандығы үшін
құтқарушы Құдайларға бағыштайды», – деп жазған. Бірақ патшаның
қаһарынан коркып, жазудың үстін сылап, бетіне әміршінің атын жазған.
Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
Александрия шамшырағы – өз заманындағы өнер мен ғылымның
ғажайып үшісі Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші
қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз
қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына
қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта желдің
бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал міндетін атқарған ескерткіш-
мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған зәулім мұнара үлкен
шамшыракпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған
күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз
кұдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Александрия шамшырағы қандай мақсатта салынды?
2. Неге шамшырақты «Жеті кереметке» қосады?
3. Александрия шамшырағы туралы бұрын білетіндерің бар ма?
Жазба жұмысы: 2. Орфографиялық сөздіктен қарап, жақша ішінде
берілген сөздерді бөлек, бірге не дефис арқылы жазыңыздар.
Сары (арка), Бура (бай), еш (уақытта), Хан (тәңірі), шек (ара), кім (ке шек),
ер (тұрман), жоғары (төмен).​

Гулбахар Гулбахар    2   30.10.2020 09:37    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi